Жас кәсіпкерлерге қолдау басым

Қысқаша

Жас кәсіпкерлерге қолдау басым

жас кәсіпкер.jpg

Шымкент – жастарының саны жөнінен республикадағы алдыңғы орындарда тұрған басты қалалардың бірі. Қоғамның қозғаушы күші жастар. Сондықтан қай елдің өскелең ұрпағы жан-жақты жетілген білімді де білікті болса, сол мемлекет түбінде озады. Осы орайда елімізде жастарға жасалып жатқан қамқорлық аз емес. Соның ішінде жастарды кәсіпкерлікке баулу, қаржылай қолдау мәселесі де шешімін тауып жатыр. Бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйегінде «Әділетті мемлекет». Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы дәлел. Онда Мемлекет басшысы жастардың бизнес бастмаларына қаржылай көмек көрсетілетінін айтқан еді. 

«Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыруымыз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасады. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді» деді Президент.

Осыған байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында жастарға жеңілдетілген шағын несие беру қағидаларын бекітті. Кәсіпкерлік қызметті бастауға ниет білдірген немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21-35 жас аралығындағы жастарға шағын несиелер конкурстық негізде беріледі.

Несие «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жүзеге асады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды. Несиенің максималды сомасы 5 миллион теңгегені құрайды, сондай-ақ кепілзаттың болуы міндеттеледі.

Шағын несиелерді кез келген мақсат үшін 5 жылға, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады. Сондықтан бұл шымкенттік жастарға өз бизенс жоспарын дамытуға үлкен мүмкіндіктер сыйлап отыр.

Жастарға бүгінгі қоғамда керегі – рухани тірек пен әлеуметтік қолдау. Осы тұрғыдан келгенде жергілікті әкімдік өскелең ұрпақтың үлкен азамат болып жетілуіне барынша жағдай жасауда. Олардың қатарында баспанамен қамту, сапалы білім, саналы тәрбие беру, тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету, жаман әдеттерге ұрынып қалмау үшін бос уақытын пайдалы іске арнау секілді маңызды іс-шаралар бар. Шымкент экономикалық өсім жағынан республикадағы динамикасы жоғары өңірлердің бірі. Сол себепті бүгінде шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны күрт артып келеді. Шаһарда шағын және орта кәсіп­кер­ліктің өркен жаюы жас­­тарға жұмысқа орналасуға немесе бі­лік­тілігін арттырып, қосымша курс оқуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда мегаполисте жастар мә­се­лесіне қатысты фронт-офис кең­сесі қызмет көрсетеді. Аталған мекеме ша­һардағы 10-нан аса волонтерлік ұйым­дармен және жоғары, орта арнаулы оқу орындарымен тығыз жұмыс атқа­ра­ды. Осы волонтерлік ұйымдармен «Жан­ға жылу» акциясы аясында қала­да­ғы аз қамтамасыз етілген мыңға жуық отбасыға азық-түлік себеттері та­­ра­­­тылды. Сонымен бірге Birgemiz: Qamqor жалпыұлттық жобасы аясын­да мүмкіндігі шектеулі жандарға, әлеу­мет­тік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері үлестіріліп, «Ха­ре­кет» қайырымдылық қоры мен «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қайырымдылық қорлары асыраушысынан айырылған көпбалалы отба­сы­лар­ға баспана кілтін табыстады. Ал Birgemiz:Saulyq бағыты шеңберінде «Ар­дагерлерді ардақтайық», «Мен до­нор­мын», «Дені саудың – жаны сау» акциялары ұйымдастырылып, қаланың 4 ауданындағы ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты 80-ге жуық қарт кісілердің қан қысымы өлшеніп, керекті дәрумендер мен жеміс-жидектер таратылды. Birgemiz: Bilim бағыты бо­йынша «Жарқын Болашақ», «Білімдінің күні жарық», Blitth акциялары қолға алынып, 20-ға жуық әртүрлі сала мамандарымен бірге мастер-класстар мен тренингтер өтті. Бұдан бөлек Birgemiz: Sabaqtastyq жалпы­ұлт­тық жобасында «Ерекше жол», «Қа­сиетті жол» және «Жігер» қоғамдық қор­­ла­ры­ның атсалысуымен «Бақытты бала­лық шақ» тақырыбында оңалту және бейімдеу орталықтарында балаларға арнап 10-ға жуық акция ұйымдастырды. Осындай тағы бір жоба Birgemiz: Umit бойынша Жастар ресурстық орта­лы­ғы­ның еріктілері Төтенше жағ­дайлар департаменті және өрт сөндіру бө­лімінің қызметкерлерімен бірге «Отба­сыңды улы газдан сақта» акция­сын бастап, тұр­ғындарға қауіпсіздік ере­желерін тү­сін­дірді. Өз кезегінде Birgemiz: Asyl Mura жалпыұлттық жобасы ар­қы­лы та­ри­хи-мәдени мұраларды сақ­тау бо­йын­­ша Бейнелеу өнері, Саяси қуғын-сүр­гін құрбандарын еске алу мұра­жай­ла­рында арнайы іс-шаралар ұйым­дас­тырылды.

Мегаполисте жастардың уақытын тиімді өткізу мақсатында түрлі үйірмелер жұ­мыс істейді. Олардың қатарында ағыл­шын тілі, шешендік өнер, спорттық, дом­быра, психологиялық, «Тәтті гүлдер», «Ба­тыл бол» үйірмелері мен Relax club да­мыту орталығы бар.

Айта кеткен жөн, қаланың әр ауданынан «Жастар ресурстық орталықтары» ашылған. Мәселен, Қаратау аудандық «Жастар ресурстық орталығы» да 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмысын бастады. Орталық 2 қабаттан тұрады және бір мезетте 150 адамға дейін қызмет көрсете алады. Ғимарат арнайы COWORKING алаңымен және шағын кітапханамен жабдықталған. Орталық мамандары талантты жастарды, еріктілерді қолдау, психологиялық кеңес беру бағыттары бойынша жұмыс жүргізеді. Қаратау аудандық әкімдігі жастар саясатын қолдауға байланысты жыл сайын көптеген іс-шара өткізеді. Сонымен қа­тар орталық жанынан қыш құмыра жа­сау, домбыра тарту, би өнері секілді үйір­мелер ашылды.

Әл-Фараби ауданының аумағы Шым­к­ент қаласының орталығында жат­қан­дықтан мәдениет және спорт ошақ­тары, ойын-сауық орталықтары мен дема­лыс орындары көптеп орналасқан. Сон­дық­тан да аудан жастарына түрлі шы­ғар­машылықпен айналысуға, өзін-өзі да­мытуға мүмкіндік мол.

Өз кезегінде аудан әкімінің жанынан құ­рылған учаскелік комиссия әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды анықтау және сол отбасы­лар­­дағы жастардың жағдайын білу мақ­сатында үйлерді ара­лап, зерделеу жұ­мыстарын жүргізіп, әлеу­меттік көмек көрсетуде.

Сондай-ақ жастардың бос уақытын тиім­ді өткізу үшін аула чемпионат­та­рының кестесі бекітіліп, спорттық жарыс­тар ұйымдастырылып келеді. Асық ату, ләңгі тебу, белтемірге тартылу, бас­­кетбол, арқан тартыс, секіру сынды спорт түр­лерінен бақ сынасып, жеңімпаз атан­ған балалар мен жастар алғыс хаттармен және түрлі сыйлықтармен марапатталады. Сонымен бірге халықтың сүйікті демалыс орындары – жеті сая­бақ­та жастардың уақытын тиімді пай­да­лануы және спортпен шұғылдануы үшін тренажерлық құралдар орнатылған.

Жастар ре­сурс­тық орталықтарында шығар­ма­шылық бастамаларды демеу, мемле­кет­тік қолдау бағдарламаларын түсін­ді­ру, еріктілікке тарту, қылмыс пен құқық­бұ­зу­шылықтың алдын алу, психо­ло­гиялық жәрдем беру және саламатты өмір сал­тын қалыптастыру бойынша жас­тарға қызмет көрсетіледі. Осын­дай қол­даудың бір түрі коворкинг орталы­ғын­да жүзеге асырылады. Онда жас кәсіпкерлер, бағдарламашылар, дизайнерлер, фрилансерлер және медиа контентпен жұмыс істеушілердің қолайлы еңбек етуіне жағдай қарастырылған. Ре­сурс­тық орталықтың кітапхана қоры­нан «Түркі әлемінің тарихы» және «Әлем әдебиеті», сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аударылған «100 жаңа оқулықтар» және жастарға қатысты әлемдік әдеби-тарихи оқулықтарды та­бу­ға болады. Сонымен бірге жоғарыда айтып өткеніміздей, келеңсіз әрі қиын өмірлік жағдайға тап болған немесе жат қылықтардың алдын алу мақсатында мегаполис жастарына психологиялық кеңес беріледі.

Ә.БАЛТАБАЙ