Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында ҚР президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агентін ұстады.
Ведомство "А" есімді Қазақстан азаматын 25 наурыз күні қолға түсіргенін айтты. Бір мезгілде ол арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған.
Тінту барысында күдіктіден шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленді. Қару Қазақстанға кәсіби жасырылған түрде бөлшектермен әкелінгені белгілі болды.
"Бұдан өзге, ҚР-да "А" әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы ресейге қарсы үндеуді насихаттау және қоғамда русофобтық көзқарастарды тудыру тапсырмаларын орындаған", - деп қосты ҰҚК.
Алдын ала тергеу барысында қолға түскен азамат өзі жасауды жоспарлаған істерді шетел мемлекетінің тапсырмасы және мүддесінде жасағанын мойындады. Ал нақты қандай мемлекет екенін жауапты мекеме ашып айтпады.
Қазіргі кезде ҰҚК Қылмыстық кодекстің 24-бабы 1-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 255-бабы 4-бөлігінде (терроризм актісі) көзделген қылмысты жасау фактілері бойынша тергеу жүргізуде.