Димаш Құдайберген науқас баланың арманын орындады (видео)

Қысқаша

Димаш Құдайберген науқас баланың арманын орындады (видео)

Димаш Құдайберген өзімен кездескісі келетін ерекше баланың арманын орындады. Ол Дулат есімді 7 жасар бүлдіршінмен Дубайда кездесті.

Screenshot_4.jpg

Кездесуді "Менің арманым" корпоративтік қоры ұйымдастырған. Қор өкілі Шолпан Арнауттың айтуынша, олардың басты мақсаты - ауыр дертке шалдыққан балалардың арманын орындау. 1,5 жылдан бері жұмыс істеп келетін қор Дубайда 100-ші баланың қалауын орындады. Әсерлі сәттің видеосын Димаш Құдайберген желідегі парақшасында жариялады.

"25 Наурызда Дубайдағы концерттен кейін мен жаңа досым Дулатпен таныстым. Бұл бала маған ең бастысы - өмірді сүюді, адамдарды жақсы көруді және бақытпен бөлісуді үйретті. Дулат бәрін қорғағысы келетін періште сияқты. Ол бәріне сүйіспеншілік танытып, ризашылық білдіп құшақтай берді. Мені осындай ерекше балапанмен таныстырғаны үшін "Менің арманым" жобасының ұйымдастырушыларына рахмет",-  деп жазды Димаш.