Зеленскийдің НАТО-дан көңілі қалды

Қысқаша

Зеленскийдің НАТО-дан көңілі қалды

Украина президенті Владимир Зеленский елдің НАТО-ға кірмейтіні туралы мәлімдеді.

Screenshot_1.jpg

Біріккен экспедициялық күштердің құрамына кіретін мемлекеттер басшыларының онлайн отырысында Украина басшысы Украинаның НАТО-ға мүше бола алмайтынын баса айтты.

"Біз адекватты халықпыз және бұл ұйымға кіре алмайтынымызды түсінеміз. Жылдар бойы біз ашық есік туралы естіп келдік. Алайда ол есікке кіре алмайтынымызды білеміз. Бұл шындықты мойындау керек. Біздің халқымыз тек өзімізге және тілеулестерімізге ғана сенуге болатынын мойындап отыр", - деді көңілі қалған Зеленский.