Сауд Арабиясында 80-нен астам адам өлім жазасына кесілді

Қысқаша

Сауд Арабиясында 80-нен астам адам өлім жазасына кесілді

Сауд Арабиясының билігі ауыр қылмыс жасаған 81 адамға қатысты өлім жазасын орындады. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Screenshot_4.jpg

81 адамның әрқайсысы ауыр қылмыс жасады деп жазаланған, оның ішінде күнәсіз ер адамдар мен әйелдер және балаларды өлтірді, зорлық-зомбылық, әйел зорлау, қару контрабандасы, ДАИШ сияқты шетелдік лаңкестік ұйымдарға көмектескен деген айып тағылды.

Белгілі болғандай күдіктілердің барлығына сот процесі кезінде адвокат тағайындалып, Сауд арабиясының заңына сәйкес адам құқығы қорғалған. Істі 13 судья 3 кезең бойынша қарап шыққан.

Өлім жазасына кесілгендер арасында терроризм бойынша айыпталған Йеменнің жеті азаматы мен бір сириялық бар. ІІМ-нің мәліметінше, ұсталғандардың көбі лаңкестік топтардың құрамында болып, соғыс жүріп жатқан жерлерде қылмыс жасауға қатысқан.

2021 жылы Сауд Арабиясында 67 адам өлім жазасына кесілген, 2020 жылы – 27, 2019 жылы -185.