Кәрім Мәсімовтың тағы бір бұрынғы орынбасары қамауға алынды

Қысқаша

Кәрім Мәсімовтың тағы бір бұрынғы орынбасары қамауға алынды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожинді қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді, деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстан» ҰҚК-ге сілтеме жасап. 

Screenshot_4.jpg

"К.Мәсімов, А.Садықұлов және Д.Ерғожинге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іске «өте құпия» белгісі берілді", – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жариялауға жатпайды.

Бұған дейін ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісі қалай тергелетіні туралы хабарлаған болатынбыз.