Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстан мемлекетінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
"Құрметті Президент Тоқаев, игі ниеттеріңіз үшін өз атымнан және Емине ханым атынан рахмет айтамын. Бауырлас Қазақстан халқына сәлемім мен сүйішпеншілігімді жолдаймын", - деп жазды Тwitter-дегі парақшасында Режеп Тайип Ердоған.
Еске сала кетейік, Ердоған коронавирус дертімен ауырып қалған болатын. Осыған орай Тоқаев:
"Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға Омикрон вирусынан тез сауығып кетуін тілеймін. Президент мырза, шын жүректен отбасыңызға амандық тілеймін", - деп жазған болатын Твиттер парақшасында.