Түркістан облысына тексермей кіргізбейді

Қысқаша

Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының карантин аумағына енгізілуіне байланысты сақтық мақсатында Түркістан облысының шекаралық жерлеріне блок-посттар қойылады.

нышанов.jpg

Келушілер арнайы тексерістен өткеннен кейін ғана Түркістан облысына кіре алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының карантин аумағына енгізілуіне байланысты сақтық мақсатында Түркістан облысының шекаралық жерлеріне блок-посттар қойылады. Ал, Нышановтың айтуынша, бүгінге дейін облыс бойынша 380 мың текше метрге жуық жер дезинфекцияланған. 

– Облыста мектепте дейінгі білім беру нысандарының 137 мыңнан астам шаршы метрі,  қоғамдық тамақтанатын орындардың 14 мың шаршы метрі,  тамақ өнеркәсіптерінің 16 мың 743 шаршы метрі, сауда орындарына тиесілі 18 мың 908 шаршы метр дезинфекцияланлды. Барлық залалсыздандыру жұмыстары мекемелер мен дезинфекциялық орталық келісімдерімен жүргізілуде, – деді Нұрбек Садықбекұлы.
Сондай-ақ, департамент мамандары барлық сақтық шараларын қолға алып, коронавирус дертін жұқтырған азаматтардың облыс аумағына енбеуін қадағалап отыр.