Қорадан қозы күдікті қамауға алынды

Қысқаша

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша өңірде қылмысты азайт

наручник.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша өңірде қылмысты азайту және істі ұзартпай анықтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – Арыс қаласында полиция қызметкерлерінің қырағылығымен жұзеге асты.

Арыс аудандық Полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан белгісіз тұлғалар оның қорасына заңсыз кіріп, әрқайсысы 25 мың теңге тұратын екі қозысын ұрлап кеткенін хабарлаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер мал ұрлығына қатысты күдіктіні ұстады. Ол көрші ауылдың тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары күдіктіден ұрланған қойларды айғақты зат ретінде тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға бар-жоғы анықталуда. Күдікті ер азамат қамауға алынды.

Төрт-түлігіңізді қараусыз қалдырмаңыздар. Тәжірибе көрсеткендей, көбіне мал ұрлықтары қараусыз қалған малдармен орын алады. Одан бөлек, қара-жайларыңызды берік материалдармен бекітіңіздер.

    A+
Уақыты: 2020-05-27  Айдарша: Құқық
TAG: