Құқық қорғаушылар да түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Қысқаша

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің коронавирус індетінің алдын алу мақсатын

сарыагачтатусиндіру.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің коронавирус індетінің алдын алу мақсатында елімізде енгізілген карантин тәртібін сақтаумен қатар халыққа сақтық шараларын түсіндіру туралы тапсырмасын орындауға құқық қорғау органы қызметкерлері де атсалысуда. Сарыағаш ауданында полиция қызметкерлері санитария дәрігерлерімен бірге саудан орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Сарыағаш аудандық әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Сарыағаш ауданы әкімдігі құзырлы орган қызметкерлерімен бірлесіп, Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 24 мамырдағы №20 қаулысына сәйкес, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында аудан орталығында орналасқан базарлар мен сауда орындарында карантин режимін сақтау жөнінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сейілмей тұрған қауіптің алдын алу мақсатында арнайы мамандар әр контейнерлерге кіріп, сатушыларға індеттің қаупі жайлы айтып, «әлі де коронавирус дертіне шалдыққандар саны азаймай отыр. Сол себепті сіздер сақтық шараларын қатаң түрде сақтауларыңыз керек» деп, толық түсіндірме жұмыстарын жасады.
Қауіпті сейілтіп, індетті өршітпеу мақсатында түсіндірме жұмыстары өзге ауылдық округтерінде де жалғасуда.

    A+
Уақыты: 2020-05-27  Айдарша: Құқық
TAG: