Тәртіп сақшылары жоғалған малды табуға көмектесті

Қысқаша

Түркістан облысында құқық қорғау қызметкерлері халыққа жақын болып, олардың қорғаны е

атакентпол.jpg

Түркістан облысында құқық қорғау қызметкерлері халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп жүр. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің осылай ашықтық орнату талабын Мақтарал ауданының полицейлер жұмыс барысында орындады.

Мақтаарал ауданыдық Полиция бөлімінің кезекшігіне Атакент ауылының жергілікті тұрғыны арызданып, белгісіз себептермен үйінің алдындағы көшелердің бірінде жайылып жүрген сиыры мен бұзауы жоғалып кеткенін айтып, табуға көмектесулерін сұрайды. Полицейлер аталған жайтты полиция бөліміне тіркеп, оқиға орнына шықты. Мақтаарал АПБ-нің жедел уәкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, жоғалған жануарларды жәбірленушінің үйінен шамамен бір шақырым қашықтықта, жергілікті каналдың жанында жайылып жүрген жерінен тапты. Табылған сиырларды тәртіп сақшылары заңды иесіне қайтарды. Ал, жәбірленуші болса малдарын тауып берген Мақтаарал АПБ-нің қызметкерлерінің кәсібилігіне, жеделділігіне ризашылығын білдірді.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға үй малдарына сақ болу керектігін ескертеді. Төрт-түлігіңізді қараусыз қалдырмаңыздар. Тәжірибе көрсеткендей, көбіне мал ұрлықтары қараусыз қалған малдармен орын алады. Одан бөлек, қара-жайларыңызды берік материалдармен бекітіңіздер.

    A+
Уақыты: 2020-05-29  Айдарша: Құқық
TAG: