Полицейлер алматылық азаматты тонаған ұрыны ұстады

Қысқаша

Түркістан облысының полицейлері Сарыағаш ауданында алматылық егде жастағы әйелдің әш

уры.jpg

Түркістан облысының полицейлері Сарыағаш ауданында алматылық егде жастағы әйелдің әшекей бұйымдарын ұрлаған күдіктіні құрықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.

Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне егде жастағы әйел арызданады. Ол өз арызында белгісіз біреу сөмкесінен ақшасы мен  бағалы әшекей бұйымдарын ұрлап кеткендігін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 300 мың теңгеден астам. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. 

Орын алған қылмысты ашу мақсатында Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері қажетті деген шараларды жүзеге асырды. Арызданушының соңғы болған жерлерін тексерумен қатар басқа да жеделдетілген іс-шаралар кешенін жүргізді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде сақшылар қылмысқа қатысты күдікті ретінде сарыағаштық тұрғынды ұстады. Тергеу барысында, күдікті әйел өз істеген ісіне өкінішін білдірді. Сондай-ақ күдіктіден тәркіленген айғақты заттар түгелімен жәбірленушіге қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары күдіктінің осы сияқты басқа да қылмыстық істерге қатыстылығын тексеруде.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңызға сақ болыңыздар, қараусыз қалдырмаңыздар деп кеңес береді. Дүкендер мен базарларда, басқа да қоғамдық орындарда әмияндарыңыз бен сөмкелеріңіздің аузын  барынша мықтап жауып жүріңіздер. Сондай-ақ, ақшаларыңызды киімнің  ішкі қалталарында ұстағандарыңыз сенімді болатындығын ескертеміз. Бағалы заттарыңызды ұрлатып алсаңыз, немесе осындай оқиғаның куәсі болсаңыз, тез арада полицияның «102»телефонына хабар беріңіз.



    A+
Уақыты: 2020-04-08  Айдарша: Құқық
TAG: