Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі төтенше жағдай режимін сәуір айының соңына дейін ұзартуына байланысты Түркістан қаласының полицейлері азаматтарды бетперде тағып, бекітілген барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары тұрғындардың тқтенше жағдай режимі кезіндегі құқықтары мен міндеттерін де түсіндірді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.
– Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимін енгізуге байланысты облыс әкімінің шешімімен Түркістан қаласы аумағында коронавирусты таратпау бойынша шаралар күшейтілді. Біз азаматтарға аса қажеттілік туындауына байланысты азық-түлік дүкені немесе дәріханаға ғана шығу, былайғы уақыттарда далаға шықпауды сұраймыз. Ал, осы талаптар бұзылып, төтенше жағдай режиміне қайшы келетін әрекеттер жасаған тәртіп бұзушыларға әкімшілік айыппұл салынады. Тіпті сот шешімімен қамауға алынуы да мүмкін. Тұрғындарға аталмыш іс-шараларға түсіністікпен қарап, үйде тұруды сұраймыз, – деді Түркістан қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция ротасының командирі Данияр Түймебаев.