«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Түркістан облысының даму қарқынын бағалады

Қысқаша

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Түркістан облысының даму қарқынын бағалады

Бүгін Түркістан облысына «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен келді. «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысын бақылап, өңірдің жай-күйін білуге келген Бауыржан Байбек облыс бойынша Жол картасының орындалу барысы бойынша есепті тыңдап, ортақ жоспарларды ортаға салды. 

image.png

Бүгінде, Түркістанның көркі күнсанап гүлденіп келеді. Әлеуметтік-экономикалық ахуалы жақсарып, қаланың дамуына барынша ден қойылуда. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша Жол карталарында жоспарланған 1956 индикатордың 395-і (20,2%) орындалды. Яғни, 20,2 пайызы толық жүзеге асты.  1151-і (58,8%) орындалу үстінде, 410-ының (21%) орындалу мерзімі әлі басталған жоқ. 364 мың шаршы метр тұрғын үй, 15 жаңа мектеп, 8 мәдени нысан салынды. Жыл соңына дейін ондаған елді мекендер газбен, ауыз сумен, сапалы электрмен қамтылады. Бірнеше өңірдің жұмыс барысын сараптаған Бауыржан Қыдырғалиұлы  Жол картасын жауапкершілікпен атқаруды жүктеді. 

Бір аптадай уақыттан бері Түркістан облысында «Жастар – Отанға» халықаралық форумы өтіп жатқаны белгілі. Он екі жыл бойы Көкшетаудың Бурабайында өтіп келе жатқан бұл маңызды басқосу биыл бірінші рет өзге облыста ұйымдастырылды. Төлеби ауданындағы «Тау самалы» демалыс аймағындағы жастардың басқосуына еліміздің барлық облыстарымен қатар шетелден де жалынды жастар келген. Бауыржан Қыдырғалиұлы бастаған елордалық азаматтармен бірге жастармен жүздесіп, еркін пікір алмастық. Ойларын тыңдап, болашақтарына сәттілік тіледік. Сонымен бірге бүгін Түркістанда атақты «Disney» кинокомпаниясының қазақ тіліне аударылған «Жан» мультфильмі көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына көрсетілді. Осы акцияға қатысып, бала тәрбиесі, мемлекеттік тілді дамыту бағытында ата-аналармен пікірлестік. 

image.png

Түркістан облысы бойынша Жол картасындағы маңызды міндет – медицинаны дамыту. Жуырда осы бағытта нақты бір жұмыс аяқталып, Түркістан қаласында жұқпалы ауруларды емдейтін модульдік аурухана ашылды. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов жергілікті әкімдік пен партияның қолдауымен заман талабына сай аурухана қысқа мерзімде салынғанын айтып, ғимараттың мүмкіндіктерімен таныстырды. Аурухана шетелдің озық медициналық құрал-жабдықтарымен қамтылған. 

Дәрігерлермен кездескен Б.Байбек денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді талқылады. Бұл мәселені шешу үшін партия нақты мақсаттар қойғанын, медицина қызметкерлерін даярлауға арналған гранттар саны артатынын,  2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 2,5 есеге көбейіп, кемінде 550 мың теңгені, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы кемінде 190 мың теңгені құрайтынын атап өтті. 

Жалпы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы Түркістан өңірін дамытуға өз септігін тигізуде. Бұған Түркі әлемінің орталығындағы оң өзгерістер дәлел болады. Бұл жөнінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов индикаторлардың орындалуы жөнінде хабарлама жасап, проблемаларды шешу жолдарын жеткізді.  Өңірде 9 айда атқарылған жұмыстар аз емес.  Әлі де жалғасын табады.

    A+
Уақыты: 2021-10-10  Айдарша: Өңір
TAG: