Сарыағаш аудан әкімінің кубогы сарапқа салынды

Қысқаша

Сарыағаш аудан әкімінің кубогы сарапқа салынды

21.jpg

Сарыағаш қаласы «Классик» бильярд клубында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудан әкімінің кубогына арналған бильярд спорт түрінен жарыс өтті. Аудан тұрғындары арасында өткен жарыс қазан айының 15 мен 16 күндері болып, екі күнге созылды. 30-ға жуық тұрғын қатысқан сайыста аудан тұрғындарына аудан әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов сәттілік тілеп, жарысты ашып берді. 

Жарыста ерекше көзге түсіп, жақсы ойын көрсеткен тұрғындар да қалыс қалмай арнайы аталымдарға ие болып, жүлдегерлер қатарынан көрінген спортшыларға аудан әкімі тағайындаған кубок және дәрежелі дипломдары табысталды.

Айта кетері, «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлуде.

 Былтыр халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы:

- Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет. Қаржы тапшылығы кезінде мемлекет бюджеті есебінен кәсіби спорт клубтарын толықтай қамтамасыз етудің қажеті жоқ. Мемлекеттің және квазимемлекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімсіз жұмсалуда.

Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет. «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді. Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды. Балалар мемлекетіміздің болашағы емес пе?! Әкімдердің жұмысын осы өлшем бойынша да бағалаймыз,-деп атап өткен болатын. 


    A+
Уақыты: 2021-10-17  Айдарша: Өңір
TAG: