Үлкендер жолы —ұлылық

Қысқаша

Үлкендер жолы —ұлылық

19.jpg

Сарыағаш ауданы Мәдениет ауылдық кітапхананың "Білім орталығында" кітапханашы Өмірбек Айнақовтың ұйымдастыруымен білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері мен жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз жетістіктерге жеткен аяулы ардагер ұстаз Қасымбекова Кулпарида Қасымбекқызымен "Үлкендер жолы —ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып" тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Бұл туралы Сарыағаш аудандық Мәдениет үйі хабарлады. 

Кешті Таскескен ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Бақытжан Жаңабаев жүргізді. Мәдениет ауылдық кітапханашы Өмірбек Айнақов Кулпарида Қасымбекқызының өмірбаяны және еңбек жолына арнап баяндама оқыды. Кеш барысында ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалназар Ағабеков, Мәдениет ауылының биі Әнуар Қосназаров, зейнеткер ұстаз Құралай Жантелиевалар Кулпарида Қасымбекқызына жүрек жарды тілектерін білдірді. Мағжан Жұмабаев жалпы орта мектебінің оқушылары Қуаныш Сабыр, Жансая Сабыр ақындардың ұстаз туралы бірнеше өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кеште Нұржан Мәденов ән орындап, кешке келгендерге көтеріңкі көңіл—күй сыйлады.


    A+
Уақыты: 2021-10-15  Айдарша: Өңір
TAG: