Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында:
-Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы,-деп атап өткен болатын.
Сарыағаш ауданы Қарақалпақ ауылдық клубында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтілетін іс-шаралар кестесіне сәйкес «Мәдени мұра—рухани қазына» атты сұхбат-отырыс болып өтті.
Бұл іс-шараға ауыл кітапхана меңгерушісі С. Ахметов, Т. Өстеміров орта мектебі директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е. Нурсеитов., ұйымдастырушы педагог А. Якубова., Тәлімгер Л.Қалықұлова және бір топ жастар қатысты.
Аталған іс-шара барысында рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы атқарылып жатқан игі істер,рухани құндылықтарымыз сонымен қатар осы тақырып төңірегінде көптеген маңызды ойлар қозғалып, тамаша әңгімелер айтылды.