"Рухани құндылық- ұлт қуаты"

Қысқаша

"Рухани құндылық- ұлт қуаты"

20032.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында:

-Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек,-деп атап өткен болатын.  

Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылдық клубында Елбасымыз, Тұңғыш президент Н.Ə.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру"бағдарламасы аясында "Рухани құндылық- ұлт қуаты" атты пікірталас болып өтті. Іс шараға ардагер-дəрігер клубы жанынан құралған «Шіркін-ай» əжелер тобының жетекшісі Г.Құралова, көп балалы аналар, алтын алқа иегері У.Сапаралиева, Ұ.Тастанбекова, Ф.Нұржанова, кітапханашы А.Ибрагимова, белгілі жаттықтырушы Е.Досжанов, талай байрақты бəсекеде еліміздің көк туын желбіретіп жүрген ару қыздарымыз Азия чемпионы Ә.Төреханова, Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы А.Дүйсенбиева, Шəмші əндерін насихаттап зерттеп жүрген Н.Саттарұлы және тағы басқалар  қатысты.

 


    A+
Уақыты: 2021-10-19  Айдарша: Өңір
TAG: