Сарыағаш спортшылары елдің, Түркістанның намысын қорғайды

Қысқаша

Сарыағаш спортшылары елдің, Түркістанның намысын қорғайды



Түркістан облысы Сарыағаш ауданының спорт саласы үздіктерінің республикалық рейтингте бәсі биік. Ел намысын әлемдік додаларда қорғап жүрген сайыпқырандар жетерлік. Олардың қатарында бокстан Біріккен араб әмірліктерінің мегаполисі Дубай қаласында 2003-2004 жылғы жастар арасында өткен Азия чемпионатының жеңімпаздары Абдикарим Абдіғалым, Аида Сарибарова және Аружан Жаңабаева бар. Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев байрақты бәсекелерде жүлдемен оралған спортшылармен жүздесіп, оларға Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады. 

08525351157559dddd57cb58cfe73c5c.jpg

Сонымен қатар, Токио Олимпиадасының XXXII жазғы Олимпиада ойындарына биыл енген каратэден Құрама ауылының тумасы Дархан Асәділов қола жүлдеге ие болды. Бұл еліміздің каратэ спортынан алған ең алғашқы жүлдесі болып тарихта қалады. Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен Игорь Лигайдың әлемнің үздік 50 төрешісінің қатарына ие болуы да тегін емес. Сарпылған күш пен төккен тердің ақталғандығының нәтижесі. 

Қырғызстан Республикасында өткен Азия чемпионатында жекпе-жек спортынан Меруерт Нұрмаханова 72 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер, Өзбекстан Республикасында волейболдан өткен жарыста Мумина Дәулетбаева Азия чемпионы атанды. Ал, елімізде өткен жағажай волейболы чемпионатының III турында «Түркістан» командасының құрамасында өнер көрсеткен жас спортшы Ахмет Мейрамбек I орынды иеленді. 

    A+
Уақыты: 2021-09-15  Айдарша: Өңір
TAG: