Кентау мен Түркістан қаласын байланыстыратын жаң ажол салынуда

Қысқаша

Кентау мен Түркістан қаласын байланыстыратын жаң ажол салынуда



Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында өндірісті ұлғайтып, кәсіпкерлікті дамытуға, инвестиция тартуға және елге қажетті жобаларды жүзеге асыруға үлкен басымдық берді. Бүгінде жолдау жүктеген міндеттер жергілікті жерде жоспарлы түрде іске асып жатыр.

image.png

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласы мен Түркістан Халықаралық әуежайының аралығына дейінгі айналма жолдың құрылысымен танысты. Маңызды жол келер жылы толығымен аяқталады.

Ұзындығы 24 шақырымды құрайтын жолға тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Көптен күткен құрылыс жұмысы аяқталған соң, көлік қатынасы реттеліп, тұрғындардың елді мекендерге қатынасы жақсарады. Жолмен қатар құбыр орнату, көпірді қайта құру, инфрақұрылым бағытын ауыстыру секілді жұмыстар қатар жүріп жатыр.

Айта кетейік, Кентау қаласында Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын құру үшін қызмет сапасы мен транзит жылдамдығын аттыратын жаңа инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Облыс басшысы маңызды жолдың жан - жағына көшеттер отырғызып, абаттандыруды міндеттеді.

Кентау мен Түркістан қаласын байланыстыратын жол арқылы туризмді дамыту жайына да үлкен мүмкіндіктер жасалмақ. Себебі, өңірге келген туристер аэропарттан бірден Қаратау жотасында орналасқан Хантағыға және «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорғына бара алады.

    A+
Уақыты: 2021-10-03  Айдарша: Өңір
TAG: