Бәйдібек ауданындағы "Ақмешіт" үңгірі туристер қызыға келетін нысанның бірі. Ел аузында киелі саналып кеткен үңгір Шымкент қаласынан 70-80 шақырым қашықтықта орын тепкен.
Аңыз әпсаналарға сенсен, жаугершілік қиын-қыстау заманда Есіркеп Қойкелді батыр қалмаққа қарсы қол жинап, ұрысқа дайындалады. Он мың әскерімен аттанар тұста селдетіп нөсер құяды. Жаңбыр астында таңғы намазды оқи алмайды. Сосын үңгірге түсіп, бәрі қатарласа тұрып, намазға жығылады. Үңгірдің кереметтілігіне таң-тамаша болысады. Сарбаздың бірі бұл үңгірді Есіркеп немесе Қойкелді деп атайық деп ұсыныс білдіреді. Батыр бұл ұсынысқа қарсы болып, "бұл үңгір қасиетті, он мыңнан астам бізге таңғы намазымызды оқуға мүмкіндік берді. Сәждеге бірдей бас қоя алдық. Аппақ тастары да ғажап әсер сыйлайды екен. Бұл жерді Ақмешіт деп атайық деп, Ақмешіт болсын" дейді. Міне, содан бері, бұл үңгір Ақмешіт аталып кетіпті деген аңыз бар.
Үңгірдің ішіндегі температура қысы-жазы +18-20 градус болып тұрады, өзгермейді. Үңгір сырт көзге де алыстан көрінбейді. Тек жақындаған соң ғана, қарайып көзге түседі.
Жергілікті кәсіпкердің қолдауының арқасында үңгірге төмен түсетін баспалдақтар орнатылған. Үңгірдің іші күмбез іспеттес. Ені 60-80, ұзындығы
120 метр. Іші қоңыр салқын. Үңгір ортасында 10-15 метр боп үйіліп жатқан үкінің саңғырығы жатыр. Жүздеген жылда жиналған. Бұл осында үкі мекен еткен үкінің саңғыры екен.
Бүгінде бұл нысанда алыстан көруге арнайы келетіндер көп.