Түркістан облысында 47 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды

Қысқаша

Түркістан облысында 47 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды



Бүгінгі таңда білім беретін 83 мың 897 педагогтың 71 мың 809-на (95,6 пайызына), техникалық персоналдардың 27 мың 560-на (96,6 пайызына) вакцинация егілді. Ал, 2021-2022 оқу жылына ағымдағы жылдың 1 сәуірі мен 31 шілдесі аралығында ата-аналарының өтініштерімен 47 мың 266 бала 1 сыныпқа қабылданды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында Түркістан облысының білім беру саласы қызметкерлерінің «Білімді ұлт – тұрақты дамудың кепілі» тақырыбындағы облыстық тамыз педагогикалық конференциясында айтылды. Жылдағы дәстүр бойынша жаңа оқу жылы қарсаңында өткен Түркістан облысының педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесінде атқарылған жұмыстарға талдау жасалынып, алдағы жаңа оқу жылына қойған мақсат-міндеттер сараланды. 

Screenshot_6.jpg

– 1 қыркүйек – Білім күні мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған оқушыларға «Әліппе» мен «Букварь» оқулығы салтанатты түрде табысталатынын, сондай-ақ, оқушылардың  тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық үлгідегі киімде де келе беруге мүмкіндік туды және бұл шешім тек қана осы оқу жылы үшін ғана қабылданды, – деді алқалы жиын барысында биылғы жаңа оқу жылының жаңашылдығына тоқталған облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев. 

Онлайн өткен кеңесте білім саласындағы жаңа технологиялармен, озық тәжірибелерімен бөлісуге келген 60-қа жуық қонаққа сөз берілді. Кентау көпсалалы колледжінің түлегі және жас маманы, шебер, облыс және республикалық Worldskills чемпионатының алтын медаль иегері Мақсат Тәліпхан, «Bilim Media Group» компаниясының атқарушы директоры Санжар Кенжеханұлы, сонымен қатар, «Айқанат» білім беру жобасының үйлестірушісі Сәуле Жарқынбекова баяндама жасады. 

    A+
Уақыты: 2021-08-18  Айдарша: Өңір
TAG: