Сарыағаш: Дәрі-дәрмек бағасы бақылауда

Қысқаша

Соңғы күндері ел аумағында дәрі-дәрмек бағасының күрт өсу деректеріне байланысты Сары

image.png

Соңғы күндері ел аумағында дәрі-дәрмек бағасының күрт өсу деректеріне байланысты Сарыағаш ауданында дәріханаларға мониторинг жасау бойынша рейд шаралары жүргізілуде. Аудан әкімдігінің жанынан құрылған арнайы мониторинг топ мүшелері бірнеше дәріханаға тексеріс жұмыстарын жүргізген.

Дәріханалардың жұмысы бірқалыпты тұрақталып, қазіргі таңда келушілер саны төмендеген. Бұдан былай мониторинг топ дәрі-дәрмек құнына тұрақты мониторинг жүргізуді жүйелі түрде жалғастырады.

Құрметті аудан тұрғындары кез келген уақытта дәріханалардағы дәрі-дәрмек құнының негізсіз көтерілгендігін байқаған жағдайда, қауіпсіздік шаралары сақталмағанына куә болсаңыздар төмендегі байланыс телефондарына хабарласа аласыздар.
Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы телефоны – 2-14-75, 8702-518-24-75 Анарбаев Әбілқасым.
Аудандық полиция бөлімі телефоны – 2-15-73, 8702-375-32-32 Кожабеков Олжас.
Аудан әкімі аппараты телефоны-2-29-97, 87027770190 Қаипжан Ернар

Естеріңізге сала кетейік, шектік бағаны кез келген азамат андроид желісінде «dariKZ» мобильді қосымшасын жүктеу арқылы бөлшек саудада сатылатын немесе босатылатын дәрілік заттардың шекті бағасын бақылауға мүмкіндігі бар. Егер баға шекті сомадан асып кетсе, түбіртегін алып, заң аясында арыздануға болады.

    A+
Уақыты: 2020-08-05  Айдарша: Өңір
TAG: