Қайырымдылық қазақтың қанына сіңген қасиет. Ертеден келе жатқан қасиетті Құрбан айт мерекесінде сарыағаштық полицейлер құрбандық шалып, қойдың етін көпбалалы ананың үйіне апарып берді. Адалдық азаматтарының сауапты ісіне жергілікті тұрғындар дән риза болып, алғыстарын жеткізді.
Аудандық полиция бөлімі басшылығының ұйымдастыруымен және жеке құрам қызметкерлерінің қолдауымен тағы бір ізгі амал жасалды.
Аудандық тәртіп сақшылары қой сойып, құран бағыштады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндетіміз болса да, жұртшылыққа жанашыр болу біздің күн тәртібімімізден түскен емес дейді тәртіп сақшылары.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары мұқтаж жандарға қашан да көмекке келуге дайын екенін, қаржылай көмек болса да, медициналық азық-түлік жағынан да көмекке әзер екендіктерін жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба бермек.