Коронавирус індетін жұқтырғандар күннен-күнге азайып келеді. Шардара ауданында құрылған медициналық жедел арнайы топқа осыған дейін 80-ге жуық қоңырау түсіп отырған болса, бүгінде қоңыраулар саны тек 20-ға жетеді екен. Десе де ақ халаттылар тұрғындарды босаңсымауға, карантин талаптарын қатаң ұстануға шақырады.
Ауданда 1900-дан астам науқас лабороториялық тексеруден өтсе,соның тек 7-і ғана оң нәтиже көрсеткен. Сонымен қатар өкпе қабынуы бойынша 72 науқас ем қабылдап жатыр. Айыққандар саны 132-ге жетіп отыр. Аурухана қызметкерлерінің айтуынша қорда дері-дәрмектер жетерлік, жағдай толықтай бақылауға алынған.
Індеттің алдын-алу жолында ақ халатты жандардың еңбегі орасан зор. Сол себептен де ауруханада жатқан науқастар ол кісілерге мың алғыс айтуда.
Аудандағы бүгінде жағдай тұрақты. Әкімшілік тарапынан барлық медициналық құрал-сайман, апараттар саны толықтай қадағаналанып отыр.