Түлкібас: Орталықтандырылған кәріздік жүйе жаңарады

Қысқаша

Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Жабағылы ауылы тұрғындарының көтеріп жүрг

image.png

Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Жабағылы ауылы тұрғындарының көтеріп жүрген бірден-бір мәселесі ауылдың орталықтандырылған кәріздік жүйесін жаңарту болатын. Енді бұл мәселе өз шешімін тауып, кәріздер тазартылып, жаңарту жұмыстары жүргізілетін болды.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021 жылдарға арналған бағдараламасы» шеңберінде тозығы жеткен кәріздік жүйесінің 4,3 шақырымы толығымен жаңартылып, құдықтары ауысуда. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары қырық пайызға жуықтап отыр.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы туралы бастама көтеріп, оның барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін атап өткен болатын. Осыған орай Түлкібас ауданында тұрғындар тарапынан көтерілген әр-бір мәселе назардан тыс қалмай, маңыздылығына қарай кезең-кезеңімен шешімін тауып отыр.

Кәріз желілеріндегі бітелулерді жою үшін түлкібастықтардың есіне саламыз: 

- тағам дайындаудан кейін (тазалау, жапырақтар, құртылған жеміс-тұқымдар) өсімдік сипатты тұрмыстық қатты қалдықтарды қоқыс шелегіне жинау;

- кәріз жүйесіне ірі қоқыстардың түсуінің алдын алу үшін шұңғылшада қорғаныс торын қолдану;

- кәріз жүйесіне жеке тазалық құралдарын (жөргектер мен т.с.с.) тастауға тыйым салынады;

- пәтерді жөндеу кезінде құрылыс қоспалары мен құрылыс материалдарының қалдықтарын  кәріз жүйесіне төкпеу; 

- белгісіз себептермен аузы ашық жатқан құдықтарға қоқыс тастамау.

Құрметті тұрғындар, тұрғын үй-жай мен өндірістік нысандар иелері!    

Сіздерді қаламыздың кәріз жүйесінде еңбек етуші мамандардың жұмысын қадірлеуге шақырамыз. Ірі индустриалды-өнеркәсіптік дамушы қалада орналасқан үйдегі кәріз жүйесі – қазылған шұңқыр емес, өркениеттің нәтижесі екендігін есте сақтаңыз.  

    A+
Уақыты: 2020-06-25  Айдарша: Өңір
TAG: