Қазығұрт: Аудан әкімі балаларды құттықтады

Қысқаша

Бүгін, 1 маусым, елімізде балаларды қорғау күні. Осыған орай Қазығұрт ауданының әкімі Тө

Аудан әкімі Т. Телғараевтың  Балаларды қорғау күніне орай құттықтауы!

Бүгін, 1 маусым, елімізде балаларды қорғау күні. Осыған орай Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев аудандағы және бүкіл Қазақстандағы бүлдіршіндерді атаулы мерекелерімен құттықтады.

Аудан әкімі Т. Телғараевтың Балаларды қорғау күніне орай құттықтауы:

"Құрметті балғындар!

Қадірлі ата-аналар!

Жүзімізді жадыратып, жүректегі мұзды ерітетін сәбидің сыңғыр күлкісі екені белгілі. Ата-ана үшін бөбегінің шат күлкісі мен баянды болашағынан қымбат дүние жоқ! Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының «Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?! Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес»-дегені есімізде. Балалы үйді базарға теңеген бабалардың сөзі де санамызда.

Маусым айының алғашқы күнін балалар мерекемен қарсы алады. Олардың тыныштығы мен болашағын бүкіл әлем болып қорғалатын күн ретінде мерекелейді.

Мамыражай тіршіліктің саясында бүр жарып, гүлдеп, өсіп келе жатқан жас қазақстандықтардың кемел келешегі үшін мемлекетіміз үлкен себеп жасауда. Олардың білім алуы мен мүмкіндігін таныту жолындағы кедергілер алынған. Жасалуға тиісті жағдайлар да жүзеге асып жатыр деп сеніммен айтамыз.

Құрметті балауса балғындар!

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қуаныш пен шаттықтың ортасында ойнап-күліп, есен де сау ел мақтаныштары болуларыңызға тілектеспін! Көк аспандарыңыз әрдайым ашық болсын. Ата-аналардың үмітін ақтаңыздар! Үлкен азамат болып өсе беріңіздер!

Құрметпен Қазығұрт ауданы әкімі Т Телғараев"

    A+
Уақыты: 2020-06-01  Айдарша: Өңір
TAG: