Түлкібас: Кәсіпкерлік ауданды алға ілгерілетеді

Қысқаша

Түлкібас ауданының алға ілгерілеуіне үлкен септігін тигізетін бірден-бір сала - кәсіпк

Түлкібас ауданының алға ілгерілеуіне үлкен септігін тигізетін бірден-бір сала - кәсіпкерлік саласы. Кәсіпкерлік саласының ауданда кең қанат жаюы экономикалық-әлеуметтік дамуды жоғарылатып, тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілуіне мейлінше ықпал етері сөзсіз. Қазірдің өзінде аудан бойын ша кәсіпкерлік саласында тындырымды тірліктер көп.

image.png

Төтенше жағдайдан зардап шеккен аудан экономикасын қалыпты жағдайға келтірудің бірден-бір тетігі кәсіпкерлік саласын дамыту болса, бүгінгі таңда аудан әкімі Н.Байғұттың бастамасымен аудан әкімдігі жанынан құрылған «Жобалық кеңсе» арқылы өз кәсібін ашам деуші және кәсібімді ұлғайтамын деген аудан тұрғындарына қолдаулар күшейтілген.

Аудан әкімінің төрағалығымен жобалық кеңсенің кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің салаға жауапты орынбасары және тиісті дербес бөлім басшылары мен мамандары қатысты. Ауылдық округ, кент әкімдері онлай(ВКС) режимі арқылы қатысып отырды.
Жиын басында жобалық кеңсенің үйлестірушісі саналатын аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Б.Құрманалиев соңғы екі аптада кеңсе тарапынан атқарылған жұмыстар барысын баяндады.

Екі апта көрсеткіші бойынша жобалық кеңсе мүшелері тарапынан өз кәсібін ашуға ниет білдіруші 27 азаматқа бизнес-кеңес беріліп, 6 жоба 16 млн. теңгеге «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры АҚ» тарапынан қаржыландырылған. 8 жобаның құжаттары қаржы ұйымдарына жолданған. Сонымен қатар, ауылдық округ, кент әкімдіктері тарапынан 21 жоба ұсынылып, соңын 11-і жергілікті жобалық кеңседе рәсімделуде. Ал 10 жобанның құжаттары «Түлкібас несие» ЖШС-гі арқылы қаржыландыруға мақұлданып отыр.

Баяндаманы толық тыңдап шыққан аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы бекітілген жоспарды орындамаған ауылдық округ, кент әкімдерін сынға алып, жұмысты жүйелендіру бойынша нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, аудан басшысы ауыл әкімдеріне бұл бағытта халық қалаулыларымен бірігіп, халықпен етене түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, жиын барысында аудан аумағындағы туризмді дамыту мен индустриялды аймақ мәселесі талқыланып, аудан әкімі тарапынан тиісті орынбасар мен бөлімдерге аталмыш бағыттардағы жұмыстарды жандандыру мақсатында нақты тапсырмалар берілді.

    A+
Уақыты: 2020-06-19  Айдарша: Өңір
TAG: