Медициналық сақтандырудағы ақша қайда кетеді?

Қысқаша

«А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Болатбек Баймаханов осы сұраққа жауап берді ...

Медициналық сақтандырудағы ақша қайда кетеді?

«А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Болатбек Баймаханов осы сұраққа жауап берді:

- Дегенмен жүйеге қарсы азаматтардың арасында «мен көп ауырмаймын, дәрігерге көп қаралмаймын, сонда менің ақшам қайда кетеді» дейтіндер де бар.

- Бұл енді мен жоғарыда айтып кеткен ортақ жауапкершілікке келіп саятын мәселе. Адам өзінің қай уақытта ауырып, қандай жағдаймен ауруханаға түсуі мүмкін екенін тап басып болжай алмайды. Адам болған соң ауырады ғой. Өзі ауырмаса да үйдегі үлкен кісілердің басы ауырып, балтыры сыздамай тұрмайды. Ол өмірдің заңы. Біреуге күрделі ота жасату керек болуы мүмкін. Немесе атпалдай азаматтың өзі жұмыстан шығып, құдай бетін ары қылсын, еңбекке жарамсыз болып қалуы да ғажап емес. Өмір болған соң түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін. Елімізде жүрек, бүйрек, бауыр алмастыруды қажет ететін қаншама пациент бар? Мысалы бір ғана бүйрек алмастыруды қажет ететін пациенттер саны 2,5 мыңнан асады. Ал, бұл операциялардың орташа құны шамамен 1 миллион теңгеден асып жығылады. Өкінішке орай, ондай ақша екінің бірінен табыла бермейді. Міне, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жинақталған қаражат осындайда керек.


Дереккөз: Baq.kz