Жыл сайын 6 миллион адам неден өлетіні белгілі болды

Қысқаша

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметтері бойынша, темекi тұтынудың салдарынан жыл сайын 6 миллион тұрғын ажал құшады екен. Қоғам дертiне айналған темекi әуестiгiн жоймаса, бұл көрсеткiш 2030 жылға қарай 8 миллионға жетедi деп болжанып отыр.

Зерттеушілер шылымға әуес жандардың 70-95 пайызы темекi шегу салдарынан осы дертке шалдығады екен. Ал, оның даму қаупi шекпейтiндерге қарағанда шылымқорлар арасында 10 есе жоғары екенi анықталыпты.

Былтыр Президент Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасын қабылдаған болатын. Осы бағдарлама бойынша орындалатын шаралар жоспарын тиiмдi iске асыру шеңберiнде облыстық салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығы бiрқатар жиындар өткiзуде.

Соның бірі Шымкенттегi дендросаябақта өткен «Темекi – даму үшiн қауiптi» акциясы. Оған облыстық наркологиялық диспансердiң және салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығының мамандары, жастар қатысты.

Шара аясында мамандар акцияға қатысушы жастарға темекiнiң зияны туралы түсiндiрiп, оған әуес болудың салдары неге апарып соғатындығы жөнiнде лекциялар оқыды.