Жаңа ұрпаққа сапалы білім беру: Халықаралық стандарттар және кәсіби мүмкіндіктер

Қысқаша

Жаңа ұрпаққа сапалы білім беру: Халықаралық стандарттар және кәсіби мүмкіндіктер

Сапалы білім – табысты болашақтың кепілі! Орталық Азия Инновациялық университеті – қазіргі заман талабына сай оқу бағдарламаларын ұсынады, олар білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра отырып, әлемдік деңгейдегі сапаны қамтамасыз етеді. 

Screenshot_45.jpg

Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі және аударма ісі сияқты бағдарламалар халықаралық стандарттарға сәйкес жаңартылған. Осы бағдарламалар білім алушыларға тек бір тіл мен әдебиетті ғана емес, көпқырлы мәдениеттер мен тілдік жүйелерді зерттеу мүмкіндігін де береді.

Университетіміздің басты артықшылықтарының бірі – жоғары білікті оқытушылар құрамының болуы. Салада тәжірибесі мол профессорлар мен доценттер, сондай-ақ шетелдік мамандар дәріс береді. Бұл өз кезегінде білім алушылардың білімін тек теориялық жағынан ғана емес, тәжірибелік тұрғыдан да дамытатын маңызды фактор болып табылады. Оқу процесінде білім алушылар аударма, оқыту әдістемесі және шығармашылық жұмыстарда тәжірибе жинақтайды, ал бұл олардың кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал етеді.

Тілдер және әдебиет кафедрасы – білім мен мәдениеттің көзі болып табылады. 

Бакалавр

6B01704 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»; 

6B01702 – «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау», 

6B01705 – «Шет тілі: екі шет тілі», 

6B02301 – «Аударма ісі», 

Магистратура

7M01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»,

7M01702 – «Шет  тілі: екі шет тілі», 

7M01703 – «Орыс тілі мен әдебиеті»  білім беру бағдарламалары жас ұрпаққа сапалы білім мен жан-жақты дағдыларды үйретудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Кафедра - ұлттық болмыс пен әлемдік мәдениетке деген жауапкершілікті сезіне отырып, оқыту процесіне ерекше мән береді. Кафедра оқытушыларының кәсіби біліктілігі мен ғылыми жетістіктері студенттердің тіл мен әдебиет саласындағы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді. 

Қазіргі жаһандану дәуірінде тіл мен әдебиет саласының маңызы артып келеді. Тіл – халықтың рухани байлығының негізі, ал әдебиет – ұлттың болмысын танытатын терең ойдың көрінісі. 

Білім беру бағдарламаларының артықшылықтары

Заманауи оқу бағдарламасы:

Барлық бағдарламалар халықаралық стандарттарға сай жаңартылған, академиялық және тәжірибелік білімді ұштастырады.

Жоғары білікті оқытушылар. Салада тәжірибесі мол профессорлар мен доценттер, сонымен қатар шетелдік мамандар дәріс береді.

Тәжірибеге бағытталған оқыту:

Студенттер тек теориялық біліммен шектелмей, аударма, оқыту әдістемесі және шығармашылық жұмыстарда тәжірибе жинақтайды.

Халықаралық байланыс:

Шетелдік университеттермен әріптестік қарым-қатынас аясында академиялық алмасу бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі.

Неге бізді таңдау керек?

Әлемдік деңгейдегі білім беру стандарттары.

Оқу барысында тілдік және әдеби дағдыларды жетілдіруге арналған арнайы курстар.

Жұмысқа орналасу мүмкіндіктерінің молдығы: мектептер, жоғары оқу орындары, аударма агенттіктері, халықаралық ұйымдар.

Біздің бағдарламалар – табысты болашаққа жол ашар мүмкіндік!

Бізбен бірге жаңа белестерге қадам жасаңыз!

Орталық Азия Инновациялық университеті

«Тілдер және әдебиет» кафедрасының ұжымы