БҰҰ форумында Тоқаев сөз сөйлейді

Қысқаша

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан төрағалық ететін Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобының атынан сөз сөйлейді.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан төрағалық ететін Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобының атынан сөз сөйлейді.

2020052817134991067_2020052817115942609_2020051613513529770_.jpg

Бүгін, 28 мамырда, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "COVID-19 және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі шараға қатысады, - деп хабарлайды zakon.kz.

БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылған бұл іс-шара бейне конференция форматында өтеді, деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.

"Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан төрағалық ететін Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобының атынан сөз сөйлейді. Сессия барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канаданың Премьер-Министрі Джастин Трюдо, Германия Канцлері Ангела Меркель, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ және басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр", - деді Берік Уәли.

Форум тікелей эфир арқылы Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-де http://webtv.un.org/ сайтынан көрсетіледі.