Қасым-Жомарт Тоқаев Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы қаулыға қол қойды.
Мемлекет басшысы былай деп қаулы етті:
1. Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айта кетсек, 16-17 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Оңтүстік Кореяда болды. Екіжақты ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Пусанда Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы шешім қабылданды. Қазақстан Президентінің айтуынша, "бұл біздің стратегиялық серіктестігімізді нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады".