Тоқаев: «Күшті Президент – ық­палды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын берік ұстануымыз қаж

Қысқаша

Күшті Президент – ық­палды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын берік ұстануымыз қажет.

Күшті Президент – ық­палды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын берік ұстануымыз қажет. Бұл пікірді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

a12e749c1f8598539b33eecfe0e792e9_L.jpg

«Өтпелі кезеңдегі бар­лық қиындықты еңсеріп, орнықты даму жолына түстік. Ендігі мақсат – осындай табыстарды еселеп, жаңа белестерді бағындыра беру. Әйгілі француз ойшылы Жан-Жак Руссо «Мықты мемлекет қана өз азамат­тарының еркіндігін қамтамасыз ете алады» деген екен. Халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту үшін Қазақстанды мық­ты мемлекетке айналдыруымыз керек. Бұл ретте «Күшті Президент – ық­палды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын берік ұстануымыз қажет», - деді Президент. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ұлттық экономиканы әртараптандыру үдерісі жалғаса беретінін жеткізді. 

«Елімізді өркендету үшін ұлттық экономиканы әртараптандыру үдерісін жалғастыра береміз. Осы жолда шағын және орта бизнеске барынша жағдай жасаған абзал. Сонымен қатар адами капиталды одан әрі дамытамыз. Бұл бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру үшін қажет. Осыған орай білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларын да түбегейлі жаңғырту міндеті алдымызда тұр. Тағы бір зор мақсат – елді еңбекке баулу. Шындықты айтсақ, шетелдерде халқымыз нағыз еңбекқор жұрт ретінде әлі таныла қойған жоқ. Бұл біздің беделімізге де едәуір нұқсан келтіреді. Қажырлы еңбектің арқасында ғана көп мәселені шешіп, мемлекетімізді дамытамыз, әл-ауқатымызды арттырамыз. Сондықтан еңбекке баулу жастарға тәрбие берудің негізгі бағыты болу керек деп санаймын. Бұл ұлттың болашағына тікелей ықпал етеді», - деді Тоқаев сұхбатында.