Токио Олимпиадасынан 20 спортшы үмітті

Қысқаша

Түркістан облысының спортшылары былтыр Әлем, Азия чемпионаттары мен ¬азақстан біріншіліктерінде 372 алтын, 338 күміс, 340 қола жеңіп алды. Бұл туралы облыс әкіміне дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев баяндады.

04.jpg

Басқарма басшысының айтуынша, облыста дене шынықтыру және спорт саласындағы негізгі бағыттарында басқарма тарапынан қабылданған межелер толығымен орындалған. Былтыр бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс аумағында өткізілген 4776 спорттық іс-шараға 609 347 адам қатысыпты. Жалпы, жыл қорытындысында спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 618 361-ге жеткен. Бұл облыс халқының 30,7 пайызы. Елдің денешынықтырумен айналысуына облыста 4413 спорт нысаны істеп тұр. Осының 67-сі мемлекет меншігіндегі мекеме. Бұлардың 149-ы былтыр іске қосылыпты.

 

Елбасының тапсырмасымен елімізде салынатын 100 денешынықтыру спорт кешенінің жалпы тізіміне  облыстан 7 нысан енсе, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 4 нысан іске асырылуда. Бұдан бөлек былтыр бір нысан пайдалануға берілсе, биыл екеу, келесі жылы 6 спорт кешені ашылады.

 

Былтыр мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында мемлекет бастамасымен – 3, жеке кәсіпкерлердің бастамасымен 6 кешен жұмыс істеп тұрған болса, 2020 жылдан бастап мемлекет бастамасымен – 8, жеке кәсіпкерлердің бастамасымен 17-сі іске қосылды. Нәтижесінде 10 мың 252 жасөспірім спортқа тұрақты тартылып, 180 жаттықтырушы жұмыс істеуде. 

 

2019 жыл қорытындысымен облыста 13 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 39 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 180 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

 

2019 жылдың ақпан-тамыз аралығында Қазақстан Республикасының 5-ші жазғы Спартакиадасы өтті. Оның бағдарламасына 40 спорт түрі кірді. Түркістан облысы 31 алтын,  28 күміс, 47 медаль (жалпы 106 медаль) жеңіп алып, командалық есепте көш бастады.

 

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Ата Заңының  25 жылдығын, Қазақтан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын, Ұлы Жеңістің 75-жылдығын, шығыстың Ұлы ойшыл ғұламасы Әбу-Насыр-Әл-Фарабидің 1150 жылдығын, Қазақ хандығының құрылғанына 555 жылдығын, Ұлы Абайдың 175 жылдығын және облыстың айнасы «Южный Казахстан» газетінің 95 жылдығын мерекелеу іс-шараларына сала мамандары жоғары деңгейде өз үлестерін қосқалы отыр.

 

Сонымен қатар, 2020 жылдың басты жаңалығы – Жапон елінің астанасы Токио қаласында өтетін кезекті жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға облыстан спорт түрлері бойынша 20 үміткер анықталып, спортшылармен тиісті дайындық жұмыстары жүргізілуде. Оның 17-сі Түркістан облысынан Олимпиада ойындарына қатысу үшін лицензиялық жарыстарға жіберілетін болса, Паралимпиада ойындарының лицензиялық жарыстарына 3 спортшы қатысады.

 

Рейтинг газеті