Бұдан басқа 300-ден астам сұрақ Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына түсті. Аталған акция әлеуметтік желіде онлайн-режимде көрсетілгендіктен байланысқа шыққан адамдар да тиісті мамандардан тікелей эфирде кеңестер алды.
– «Жолда қабылдау» акциясына азаматтардан келіп түскен сұрақтар қызу талқыға түсті. Олар шетелден әкелген көліктерінің рәсімделу тәртібімен танысып, қажетті мәліметтерін өздеріне жазып алды. Жалпы, Қырғызстан мен Армения Республикаларынан әкелінген көлік құралдарында: жеке куәлік растайтын құжаттар, кедендік рәсімдерден өту, Салық кодексінен көрсетілген алымдар және баж төлеу тәртібі жүзеге асырылады. Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасынан келген көлік құралдарында бұғаттауға қарсы тежегіш жүйесі, алдыңғы қауіпсіздік жастықтары, ІSOFІX бекіту жүйесі, күндізгі жүріс оттары болуы тиіс. Тұрғындарға осы заңдар тұрғысындағы кеңестер берілді, – деді тұрғындарды қабылдауға өзі қатысқан Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков.
Аталған республикалық акцияға генерал-майормен бірге әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмас Тастанбеков, әкімшілік тәжірибе мамандары, салық органдарының өкілдері қатысты. Келушілердің басым бөлігі шетелден әкелінген көлік құралдарын тіркеу, оған төленетін кедендік баждар туралы сұрады. Көлік құралдарын тіркеуге байланысты көңіл толмаушылықтарын білдіргендерді тәртіп сақшылары сабырға шақырып, заң тұрғысында жіті түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, азаматтар көлік айыппұлдарының бар-жоғы және төлемі туралы ақпараттарды да ала алды. Полицияға қатысты сауалдары мен мәселелерін шешу үшін әкімшілік, көші-қон және жергілікті полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгіндер де болды.
«Жолда қабылдау» акциясын екі күнде әлеуметтік желідегі онлайн режимдежалпы саны үш мыңға жуық қолданушы бақылады.
Рейтинг газеті