Өсербаев ел аралап жүр

Қысқаша

Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Өсербаев елге есеп берердің алдында елді мекендердің тұрғындарымен жүздесіп, қоғамдық қабылдау өткізді. Халықтың мұң-мұқтажына құлақ түріп, бұқара бұйымтайын тыңдады.

80709955_1196652427211458_1861611573966012416_n.jpg

10 ауыл округіне қарасты 59 елді мекенді аралаған аудан басшысы әуелі халықтың тұрмыс сапасына басты назар аударып келеді. Бұл жолы да қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындармен емен-жарқын әңгімелесті.

 

Қоғамдық қабылдауға келгендердің қарасы қалың. Бірі – баспанаға зәру, енді бірі екі қолға бір күрек таппай жүр. «Сананы тұрмыс билеген тұста оларға бір реттік азық-түлік себетін ұсыну да жоспарланған. Бірақ бұл оларды тығырықтан шығуға көмектеспейді»,- дейді әкім. Сондықтан, балықшыға балық емес, қармақ беруді жөн санайды.

 

Ауыл халқының әл ауқатын арттыруды көздеген жергілікті билік аудандағы әлеуеті әлжуаз топтарды анықтап, олардың қажетін өтеуге кірісіп кетті. Бюджеттен бұл бағытқа 2 млн. теңге қарастырылып, мұқтаждың мұңын сейілтуге серпін берілді.

Рейтинг газеті