Түркістан жаңа техникалармен толықты

Қысқаша

Түркістан жаңа техникалармен толықты

Screenshot_16.jpg

Түркістан облысының  орталығы Түркістан қаласына  жаңа техникалар табысталды. мен толықты. Рухани шаһардың тазалығына, жол жөндеу жұмыстарына арналған заманауи талапқа сай 34 арнайы көліктермен қала басшысы Рашид Аюповтың өзі танысып шықты. Мамандардың дерегінше  су жаңа техникаларға  облыстық бюджет есебінен жалпы құны 779 млн 470 мың 870 теңгені құрайтын қаржы жұмсалған.

Рашид Аюпов өз сөзінде  сала мамандарының жұмысына сәттілік тілеп, түркі әлеміндегі қарашаңырақтың тұрғындары мен тарихи мекенге саяхаттап келген туристерге жайлылық сыйлауға деген талап жыл сайын артып жатқанын атап өтті.

«Түркістан жол қызметі» КММ директоры Сабыр Досжановтың мәліметіне сүйенсек, мекеме меншігіне су жаңа 3 техника берілген. Атап айтқанда, қалаішілік жолдарға ағымдағы жөндеуді қажет ететін жұмыстарға арналған Беларус-82.1 тракторы, кран-манупулятор көлігі, өзі аударғыш жүк машинасы. Мекеме басшысы алдағы уақытта функцинолдық міндетіне кіретін жол белгілері мен жарықшам бағаналарын ауыстыруға, бағдаршамдарды орнатуда таптырмас құралға айналарына сенімді.