Жас дәрігерлердің жағдайымен танысты

Қысқаша

Жас дәрігерлердің жағдайымен танысты

Screenshot_3.jpg

Түркістан облысының шалғай аудандарда орналасқан ауруханалардың тыныс-тіршілігімен танысқан  ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев кезекті ретте Ордабасы аудандық аурухананың жұмысымен танысты. Сапары барысында  Министр тіпті жаңа босанған әйелді дүниеге сәби әкелуімен құттықтап, көмек қажет болса өтінішті қысылмай жеткізуін сұрады. Жалпы, аурухананың жұмысына оң бағасын берген Елжан Амантайұлы «Ауылға дипломмен» бағдарламасы аясында жұмысқа тартылған жас дәрігерлердің де жағдайымен танысты. Түркістан облысы, Ордабасы аудандық бұл ауруханаға Қарағанды, Астана, Шымкент және Түркістаннан 15 жас дәрігер жұмысқа орналасқан. Ауылдағы медицинаны көтеруге еңбектенуге бел буған жас ақ халаттылар жәрдемақыларын алып, жұмыстарының ойдағыдай жүзеге асып жатқандығын жеткізді. Министр өз кезегінде аталған ауруханаға науқастың сырқатын бекітетін «Триаж» жүйесімен қамтуға көмек көрсетілетіндігін айтты. «Ең бастысы дәрігерлік борышымызды ақтап, халыққа жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуіміз қажет»,- деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.