Зауыттың жұмысы жалғасады

Қысқаша

Зауыттың жұмысы жалғасады

Screenshot_17.jpg

Барлық өнеркәсіп салаларының ішінде ғылыми-техникалық прогресті ілгерілетуде және еліміздің экономикалық дамуын арттыруда машина жасау кәсіпорындарының маңызы зор. Машина жасау кәсіпорындары аса маңызды еңбек құралдарын станоктарды, көлік экспорттары мен аспаптарды, ауыл шаруашылығы машиналарын жасап шығарады. Машина жасау кәсіпорындары бүкіл шаруашылықтың техникалық қайта құрылуын, өндірісті кешенді механикаландыру және автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

   Ленгір қаласындағы машина жасау зауыты бір кездері еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі болған.  Жұмысы тұралап қалған  «Ленгір Машина Жасау» зауыты қайта қалпына келтірілмек. Төле би ауданының басшысы Бауыржан Омарбеков күрделі құрылыс жұмыстары жүріп жатқан зауыттың жұмысымен танысты. Зауыттың қазіргі атқарушы директоры Рашид Бейсенбаев толықтай қайта құру, жаңарту жұмыстары жүргізілетінін айтып өтті. Қазіргі таңда сыртқы қас беттері ретке келтірілуде.

Машина жасайтын зауыт алдағы уақытта темір-терсек бұйымдарын шығаратын болады. Жаңа жылдан бастап қосымша жұмыс орындарын ашып, 300-ге тарта адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Сондай ақ, 780 млн тенге инвестиция тарту жоспарланған.