Сенбілікте ағаш отырғызды

Қысқаша

Сенбілікте ағаш отырғызды

Screenshot_13.jpg

Облыс орталығы Түркістан қаласының айналасында «Жасыл белдеу» қалыптастыру мақсатында облыс әкімдігінің бастамасымен жалпыхалықтық сенбілік өтті. Сенбілікке 16 аудан, қала халқы да атсалысып, өздері жауапты болған сектор аумақтарына көшеттер екті.

Тәрбиелік мәні зор шараға Отырар ауданының халқы да белсене қатысып, аймаққа тиесілі 9 сектор аумағына көшеттер отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Аудан әкімі Әбдіғали Жүнісовтің өзі бастап келген отырарлықтар Астана жолы көшесінің бойына көшеттер егіп, күл-қоқыстардан тазартты. Жалпы Астана жолы көшесімен қиылысқан Құрбан ата, Ж.Баласағұн, М.Жалил, Ө.Тілепов, Ғ.Мұратбаев, Әйтеке би, Сыпыра жырау, Асан қайғы көшелерінің бойына 1000-нан аса көшеттер егілді. Рухани ордамызТүркістан қаласын абаттандыру мақсатындағы сенбілікке 200-ге жуық отырарлық қатысып, 5 арнайы техника жұмылдырылды.

Айта кету керек бүгінгі сенбілік үш кезеңнен тұратын көшет егу жұмыстарының бірінші кезеңі. Қалған екі кезеңі алдағы қараша айына жоспарланған. Бұған дейін де Арыстанбаб бабамыз жатқан киелі өңірдің халқы Қожа Ахмет Иассауидің мәңгі тыныстаған жері, қазақ руханиятының астанасы болған Түркістанды абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысып келеді.