Кеншілер қаласы Кентауда түсті металдар кендерін байыту кәсіпорны өз жұмысын бастады. Шаһардың 64 жылдығына орай ашылған "Кентау полиметалл" ЖШС өңірдің мақтанышына айналатыны сөзсіз.
Нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, "Кентау полиметалл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Дмитрий Копченко қатысты. Ардагер кеншілер Қамбар Сейітжанов пен Шерхан Абилов кәсіпорынның маңыздылығына тоқталып, ашылу сатланатымен құттықтай отырып ізгі тілектерін білдірді. Содан соң басшылар мен мамандар кәсіпорынның лентасын қиып, іске қосу тетігін басты.
Шара барысында құрметті қонақтар кәсіпорнның жәй-күйімен танысып, аралап шықты. «Кентау полиметалл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде кәсіпорынның шетелдік үлесі 100 % серіктестіктің жалғыз қатысушысы - "Хоргос Джункей Трейд" ЖШС 2016 жылы сатып алынды. Жобаның атауы түсті металдар кендерін байыту учаскесі. Жобаның мақсаты бос тұрған өнеркәсіп объектілерін орнында түсті металдар кендерін байыту кешенін ұйымдастыру және жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Жобаның көзделген мақсатына жету үшін 2016 жылдың 10 желтоқсанында Кентау қаласының әкімдігі, ОҚО Кәсіпкерлер палатасы және инвестициялық компания арасында 2 170 000 000 теңге сомасына инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы үш жақты меморандумға қол қойылды. Меморандумға инвестор тарапынан жобаны уақытылы іске асыру бойынша ақпараттық және консультациялық қолдау, ҚР заңнамасына сәйкес жұмыс орындарын құру кіреді.