Марафоншыларды күтіп алды

Қысқаша

Марафоншыларды күтіп алды

Screenshot_6.jpg

22 қыркүйек күні «Алматы-Түркістан» веломарафоны бастау алған болатын. Қатысушылар араға 5 күн салып Түлкібас ауданына келіп жетті.

Марафоншыларды Жамбыл облысының шекарасынан түлкібастықтар қуана күтіп алып, қонақжайлылықтарын көрсетті. «Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында әр қазақстандық жаңғыруды өзінен бастау қажеттігін айтқан болса, бүгінгі веломарафонға қатысушыларымыз елімізге ғана емес, бүкіл әлемге үлгі болатындай шараға атсалысып, жаңғырудың айқын үлгісін көрсетуде. Осы жерде ерекше айтарым, өмірдің ауыр тауқыметің басынан өткізген зағип жандарымызбен арбаға таңылсада, өмірден тұңілмей қоғамдық шаралардан қалыс-қалмай жүрген азаматтарымызға барша түлкібастықтар атынан ерекше құрмет пен алғыс білдіремін»-, деді шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов. 

Шара барысында аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлері тарапынан патриоттық тұрғыдағы әндер орындалып, қонақтарға Түлкібастың алмасы мен әр түрлі тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар, марафоншыларға кешкі ас ұйымдастырылып, қонақ үйден демалыс орындары қарастырылды.

Еске сала кетейік, «Шекарасыз спорт» жобасы аясында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан марафонға көзі көрмейтін спортшылардан басқа: «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары: Зульфия Габидуллина – параолимпиадалық чемпион; Бахтияр Базарбеков – қоғам қайраткері, Шекарасыз спорт жобасыны.