Мәдениет үйлері жаңартылуда

Қысқаша

Мәдениет үйлері жаңартылуда

Screenshot_2.jpg

Экономика, әлеумет саласы ел үшін қаншалықты маңызды болса мәдениеттің де халық үшін маңызы зор. Өйткені мәдениеті, әдебиеті, салт-дәстүрі дамыған елдің ғана болашағы мығым болмақ.

      Елбасы «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында мәдениет саласына айтарлықтай көңіл бөлу керектігін баса айтқан болатын. Осы орайда  Түлкібас ауданында көп жылдан бері жөндеуді көрмеген мәдени нысандар қайта жөндеуден өтіп, ауыл тұрғындарының игілігіне берілмек. 

Бүгінгі таңда аудандық бюджет есебінен Елтай, Жанұзақ, Көкбұлақ, Алғабас, Рұсқұл ауылдық клубтарына күрделі жөндеу жұмыстары, ал Сарытөр ауылдық клубына ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

100-ден аса адамға есептелген мәдени нысандардың жөндеу жұмыстары мен қатар, аумағы да толығымен қоршалып, абаттандырылмақ.

Жаңадан жаңғырған мәдени нысандарында ауыл жастары музыкалық және басқада да үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын тиімді пайдаланумен өткізуге жағдай жасалынбақ. Нысандар ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілу жоспарлануда.