Шардаралық 10 ана "Алтын алқа" тақты

Қысқаша

Шардаралық 10 ана "Алтын алқа" тақты

Screenshot_2.jpg

Еліміздің демографиясын көтеру – Қазақстанның басты саясатының бірі. Бұл саясаттың жүзеге асуына әсіресе Түркістан облысының қосып отырған үлесі зор. Шардара ауданында да бүгінде көп балалы аналардың саны артып келеді. 

       Бүгін шардаралық 10 ана «Алтын алқа» иегері атанды. Ендi бұл аналар тиiстi орындарға құжаттарын тапсырып, әлеуметтiк көмектер мен жеңiлдiктердi толығымен пайдалана алатын болады. Аудан әкiмiнiң орынбасары Бауыржан Шомпиев алтын және күміс алқа иегерлпрімен кездесіп, наградаларын табыс етті. «Ел бастайтын батырды да, сөз бастайтын ақынды да өздеріңіздей алтын құрсақты аналарымыз өмірге әкеледі. Сіздер ғибратты істеріңізбен, инабатты сөздеріңізбен қоғамның қиындығы мен ауыртпалығына мойымай ұрпақ тәрбиесімен айналысып, ұлтымыздың болашағын жарқын етуге аянбай күш салып келесіздер. Сіздердің өнегелеріңіз тарихта аты қалған Зере, Айғаным, Айша аналарымыздай қайталанбас өнеге», - деген аудан әкімінің орынбасары алтын құрсақ аналарға аудан демографиясын арттыруға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. Жалпы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шардара ауданында 10 ана «Алтын алқа», 21 ана «Күмiс алқа» иегері атанды. Ендi бұл аналар тиiстi орындарға құжаттарын тапсырып, әлеуметтiк көмектер мен жеңiлдiктердi пайдалана алатын болады.