Келес ауданындағы «Келес» спорт кешенінде аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотты болғандарды, қоғамға бейімдеу үшін «Өзіңді бағала» атты спорттың кіші футбол түрінен жарыс ұйымдастрылды. Жастар жылына орай өткен спорттық жарысқа жалпы 12 құрама қатысты.
Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша спорттық шараға аудан әкімі Ақментай Есбаев арнайы қатысып, өтіп жатқан шараның адам өмірінің басты құндылығы болмыс денсаулығын жақсарту мен ынтымақ бірліктің артуына және пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтарда қоғамнан шетте қалмауын, алдағы уақытта осындай иігі шаралар жалғасатынын айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 3 орынды пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотты болған азаматтардан құралған құрама иемденсе, 2 орынды Келес ауданы әкімдігі құрамасы ие болды. Ал жүлделі бірінші орынға өздерінің командалық үйлесімімен көптің ықыласына бөленген аудандық полиция құрамасы қанжығасына байлады. Сондай-ақ үздік қақпашы, үздік қорқаушы, үздік шабуылшы номинациялары бойынша үздік деп табылған ойыншыларға арнайы аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлықтары табысталды.