Айгүл Иманбаеваның есімі аллеяға жазылды

Қысқаша

Эстрада әншісі Айгүл Иманбаева туған жерінде ерекше сый-құрметке ие болды.

АЙГУЛ.jpg

 Таразда жаңадан ашылған «Әуендер әлемі» аллеясындағы танымал адамдардың аты қашалып жазылған тақтаға Айгүл Иманбаеваның да есімі енді. Аталмыш аллея Жамбыл облысынан шыққан танымал өнер жұлдыздарына арналған.

Отандық танымал актрисаға көрсетілген мұндай құрметке қатысты пікір халық арасында екіге бөлінді. Бірі әншіні қандай сый-құрметке болсын  лайықты деп таныса, енді бірі оның аты-жөнін тасқа қашап жазуды орынсыз деп есептейді.

«Керемет әнші әрі актриса! Сөзім де сыным да жоқ. Лайықты деп есептеймін», «Көзінің тірісінде қадірлемесек, кейін ескерткіш орнатып еске алудың қажеті жоқ», «Еңбектерін осы бастан бағалау керек», «Біртүрлі екен, тірі адамның атын тасқа қашап жазған», «Меніңше, бұл мүлдем дұрыс емес» деп жазуда көпшілік.

Айта кетелік, Жамбыл облысынан шыққан өнер жұлдыздарына арналған аталмыш аллеядағы тақташаға әнші Бүркіттің де есімі енген  болатын.

Рейтинг газеті