Осыдан бес-алты күн бұрын сырқаттанып қалғанын жеткізген «Меломен» тобының солисі дәрігерлер шипасын таппаған сырқатын дем салушы емдеп бергенін айтты.
– Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле. Сөз иесін табады. Сәл ертерек заманда біреу өзгелер үшін бұл өмірде артық болса, «киллер» жалдап жоқ қыла салатын. Ал, қазіргі заманда біразы ой жүгірте бермейтін «чёрная магия», сиқыр арқылы біреу біреуді құрдымға жібере салатын болды. Осыдан 5-6 күн бұрын сап-сау жүрген едік, табан асты бір бәле келіп жабысты да кетті. Мүлдем сөйлей алмай қалдым. Тамақтан бір тікен қадалды да не тамақ өтпейді, не жұтына алмай қалдық, – деді әнші.
Қатты сырқаттанған соң ауруханаға барған әнші дәрігерлер жазып берген дәрі-дәрмекті алып, система қабылдаған соң да еш нәтиже болмағандығын жеткізді. Мазасы болмай, ауру дендеген соң дем салушыға барған.
– Бір кесе суға құран аяттарын оқып, денеме бүркіп, суды ішкізді. Осылай үш мәрте қайталап дем салып берді. Алланың құдыреті ғой. Денемдегі қызуым қалпына түсіп, тамағымдағы қадалып тұрған тікен жоқ болып жеңіл дем ала бастадым. 4 күн еш тәбетсіз нәр татпай жүрген едім, бірден тәбетім ашылып тамақ іше бастадым, – деді әнші Жігер Ауыпбаев.
Рейтинг газеті