Мереке қарсаңында әр ұлт өзіндік ырымдарын жасайды. Кейбір халықтарда мынадай наным бар екен. Жаңа жыл басталардың соңғы минутында арманыңды қағазға жазып оны өртейді екен. Егер қағаз сағат тілі тұп-тура 12-ге жеткенше жанып бітсе, әлгі арманы орындалады. Ал егер өртеніп бітпесе, арманы орындалмайды деген сөз.