«Ислам мемлекетінің» тұтқынға түскен содырлары өз елдеріне қайтарылатын болды. Мұндай үрейлі мәлімдемені Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу жасады.
Мұның басты себебі Еуропа елдері осы мәселеге мүлдем жауапсыз қарап отыр. Қазір тұтқында отырған «Ислам мемлекеті» содырларының проблемасымен Түркия бетпе-бет қалды. Басқа елдердің онымен басы ауырып жатқан жоқ.
Қазанда Түркия Сирияда әскери операциясын бастады. Соңғы күндері түрік әскерилері Сирияның солтүстік-шығысында содырларды тұтқындаған. Олардың барлығы «Ислам мемлекеті» туының астында соғысқан шетелдік жалдамалылар. Оларды отандары азаматтығынан айырып тастаған. Сол себепті Түркия оларды ешқандай елге қайтара алмай отыр.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп тұтқынға түскен «Ислам мемлекетінің» содырларын өздерінде ұзақ уақыт бойы ұстай алмайтындығын, сол себепті оларды қай елден келсе, сол елге қайтаратындығын мәлім еткен болатын.
Рейтинг газеті